"Аршалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ өз қызметін Аршалы ауданы әкімінің 2016 жылғы 06 қыркүйектегі № А-404 қаулысымен бекітілген ережеге, сондай-ақ "Аршалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ 2017 жылғы 27 наурыздағы № А-82 ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауды Жұмыспен қамту орталығының бас мамандары жүзеге асырады.
2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңына сәйкес жұмыспен қамту орталығы 5 Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2022 жылы барлығы 938 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы 0 (0 %), электрондық түрде 916 (97,6 %), тікелей мемлекеттік органда 142 (15,1 %).
2022 жылы ең көп сұранысқа ие қызметтер: "жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу"; "жұмыссыздарды тіркеу", "жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру" "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау"болды.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен тәртібі туралы толық ақпарат Аршалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараттық стендтерінде орналастырылған.
2022 жылға арналған Аршалы ауданы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды жақсарту жөніндегі бекітілген жұмыс жоспарын орындау үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету (ақпараттық стендтерді жаңарту, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізу), көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады және электрондық қызметтерді алуды танымал ету бойынша (материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау).
Жауапты қызметкерлер мен жұмыспен қамту орталығының директоры Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды тұрақты негізде жүргізеді.
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.