Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ «Ақмола облысы Аршалы ауданының №5 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Аршалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Т.О. Жетписпаевты тіркеу туралы» 2023 жылғы 9 ақпандағы №5 аудандық сайлау комиссиясының №8 хаттамасының кушін жою туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес Аршалы ауданы прокурорының 2023 жылғы 16 ақпандағы №2-0204-23-00001 ҚБП хаты негізінде Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЛЫ:

Ақмола облысы Аршалы ауданының №5 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Аршалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде Төлеген Олжабайұлы Жетпіспаевты тіркеу туралы 2023 жылғы 9 ақпандағы №5 аудандық сайлау комиссиясының №8 хаттамасының күші жойылсын.

Дата публикации
21 февраля 2023