ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 12 ақпанда Аршалы ауданы Арнасай ауылдық округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес Аршалы ауданы Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Арнасай сайлау округі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 728 азамат енгізілді, олардың 348-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар-17.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Байсағанов Б. К. - 185; Игенбаев С.К. – 8; Төлебаев Е. Ж. – 136.

Арнасай ауылдық округінің әкімі болып Байсағанов Болатбек Капанұлы сайланды, 1967 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Арнасай ауылдық округінің Бабатай станциясында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.        

Аршалы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 15 ақпандағы №29/351 шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда сайланған Аршалы ауданының Арнасай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Дата публикации
20 февраля 2023