№11 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі Ақмола округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақмола облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі Ақмола округтік сайлау комиссиясы №11 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша 2023 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар тіркелді:

Бижанов Нурсултан Муратулы – 1991 жылы тұған, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Аршалы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша ұсынылды, Аршалы ауданы Аршалы кентінің тұрғыны.

Касенов Мерей Бегендыкович – 1988 жылы тұған, "Jusan bank" АҚ супервайзер супервайзері, өзін-өзі ұсыну бойынша ұсынылды, Ерементау ауданы Малтабар ауылының тұрғыны.

Дата публикации
20 февраля 2023