№9 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Аршалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Аршалы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы №9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша тіркелді:2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Аршалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Аяғанов Нұрлан Құрмашұлы - 1987 жылы туған, Қарағанды сигнализация және байланыс бөлімшесінің КТСМ электромеханигі ШЧ-19, өзін-өзі ұсыну бойынша, Аршалы ауданы 42 разъездің тұрғыны.2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Аршалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Джумабекова Фатима Маратқызы - 1990 жылы туған, «Волгодоновка ауылы ОШ» КММ бастауыш сынып мұғалімі, өзін-өзі ұсыну бойынша, Аршалы ауданы Волгодоновка ауылының тұрғыны.

Дата публикации
16 февраля 2023