«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Аршалы аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы №11 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша 2023 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Аршалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар тіркелді:
Мұхамбетова Ғалия Мунировна - 1985 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, өзін-өзі ұсыну бойынша, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы тұрғыны;
Носач Татьяна Александровна - 1964 жылы туған, «Жібек жолы ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ еңбек мұғалімі, өзін-өзі ұсыну бойынша, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы тұрғыны.