2023 жылғы 12 ақпанға белгіленген Аршалы ауданының Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама

2023 жылғы 17 қаңтарда Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес өзін-өзі ұсынған екі кандидаттан құжаттар келіп түсті.

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аршалы ауданының Арнасай ауылдық округі әкіміне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.

2023 жылдың 12 ақпанға тағайындалған Арнасай ауылдық округі әкіміне сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2023 жылдың 5 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың 17 қаңтарға дейінгі кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.

 

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 12 ақпанға белгіленген Аршалы ауданының Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауына кандидаттар ұсыну туралы хабарлама
Дата публикации
17 января 2023