Аршалы ауданы Арнасай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына Арнасай ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі, Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

Аршалы ауданы Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Арнасай ауылдық округінің шекарасындағы Арнасай сайлау округі.

 

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Аршалы кенті, Ж.Тәшенов көшесі 47, 300Б каб.

тел. 8(71644) 2-18-80

комиссия төрайымы – Акубасова Сауле Барлыбаевна;

төрайымның орынбасары – Андрух Елена Анатольевна;

комиссия хатшысы – Сабиржанов Муктар Балгужаулы;

комиссия мүшелері: Асанова Людмила Сабировна, Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы, Руденко Марина Альгердовна.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Аршалы ауданы Арнасай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
Дата публикации
06 января 2023