04 қаңтар 2023 жылғы 1/318
Аршалы ауданы Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңның 14 бабы 8-1) тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Аршалы ауданында 2023 жылғы 12 ақпанда – Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2023 жылғы 12 ақпанға тағайындалған Аршалы ауданының Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Аршалы айнасы» және «Вперед» газеттерінде жариялансын.
Аршалы аудандық
сайлау комиссиясының төрайымы С. Акубасова
Аршалы аудандық
сайлау комиссиясының хатшысы М. Сабиржанов