«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына, «Аршалы ауданының Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 4 қаңтардағы №1/318 қаулысына сәйкес 2023 жылдың 12 ақпанына Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Арнасай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған (Аршалы ауданы әкімдігінің сайтында)
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы