«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №92/316 «Аршалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Аршалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандатты аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиясы құрылсын.
2.Аршалы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Аршалы аудандық мәслихатына жіберілсін.
3.Осы қаулы Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Аршалы айнасы» газетінде орналастырылсын.
4.Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрайымы С. Акубасова
Аршалы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы М. Сабиржанов