Аршалы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 4 тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде, Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда он бір бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Қаулы Аршалы аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Аршалы айнасы» газетінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аршалы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрайымы                                     С. Акубасова

 

 

Аршалы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                       М. Сабиржанов

Аршалы аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
30 декабря 2022