2022 жылғы 11 тамызда Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес өзін-өзі ұсынған екі кандидаттан құжаттар келіп түсті.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аршалы ауданының Бұлақсай және Михайлов ауылдық округтері әкімдеріне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.
2022 жылдың 28 тамызға тағайындалған Бұлақсай және Михайлов ауылдық округтері әкімдеріне сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 30 шілдеден бастап ағымдағы жылдың 12 тамызға дейінгі кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы