«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына Бұлақсай және Михайлов ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтері, Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Бұлақсай ауылдық округінің шекарасындағы Бұлақсай сайлау округі.
Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Михайлов ауылдық округінің шекарасындағы Михайлов сайлау округі.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Аршалы кенті, Ж.Тәшенов көшесі 47, 300Б каб.
тел. 8(71644) 2-18-80
комиссия төрайымы – Акубасова Сауле Барлыбаевна;
төрайымның орынбасары – Андрух Елена Анатольевна;
комиссия хатшысы – Сабиржанов Муктар Балгужаулы;
комиссия мүшелері: Асанова Людмила Сабировна, Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы, Пустовойтенко Галина Юрьевна, Руденко Марина Альгердовна.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы