Аршалы ауданы Бұлақсай және Михайлов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2022 жылдың 28 тамызына тағайындау туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына, «Аршалы ауданының Бұлақсай және Михайлов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 шілдедегі №38/254 қаулысына сәйкес 2022 жылдың 28 тамызына Бұлақсай және Михайлов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.

 

Бұдан басқа, Бұлақсай және Михайлов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған (Аршалы ауданы әкімдігінің сайтында)

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Аршалы ауданы Бұлақсай және Михайлов ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын 2022 жылдың 28 тамызына тағайындау туралы хабарлама
Дата публикации
29 июля 2022