Аршалы ауданының референдум учаскелерінің орналасқан жерлері, аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, олардың жұмыс істеу уақыты туралы хабарлау
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы №2592 Конституциялық Заңы 6 бабының 3 тармағына сәйкес және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы №888 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 6 мамырдағы қаулысына сәйкес №32/482 «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы», Аршалы ауданының аумақтық, учаскелік референдум комиссияларының құрамын және олардың жұмыс уақытын хабарлаймыз
Аудандық аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Аршалы кенті, Ж.Тәшенов көшесі 47, тел. 8(71644) 2-18-80
комиссия төрайымы – Акубасова Сауле Барлыбаевна;
төрайымның орынбасары – Андрух Елена Анатольевна;
хатшы – Сабиржанов Муктар Балгужаулы;
комиссия мүшелері: Асанова Людмила Сабировна, Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы, Пустовойтенко Галина Юрьевна, Руденко Марина Альгердовна.
Комиссияның жұмыс кестесі: күн сайын демалыссыз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.