Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы хабарлама

          2022 жылғы 24 сәуірде Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімінің бір сайлау округінен сайлауы өтті.

          Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

Бұлақсай сайлау округі:

 

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 675 азамат енгізілді, олардың 507-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 34, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 196.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

          Әлібеков Е.С. – 233; Бижанов Н.М. - 44.

          Бұлақсай ауылдық округінің әкімі болып Әлібеков Есман Сабыржанұлы сайланды, 1962 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Бұлақсай ауылдық округінің Қостомар ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

         

                                                 

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 апреля 2022