2022 жылғы 06 сәуірде Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-3 бабының 1 тармағына сәйкес өзін-өзі ұсынған үш кандидаттардан құжаттар келіп түсті.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Аршалы ауданының Бұлақсай ауылдық округі әкіміне сайлауға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңымен, мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.
2022 жылдың 24 сәуіріне тағайындалған Бұлақсай ауылдық округ әкіміне сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 2022 жылдың 26 наурыздан бастап ағымдағы жылдың 08 сәуіріне дейінгі кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы