Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. ҚР 1997.06.19 № 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшiне кiредi.
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.07.26 № 462 Заңымен.

  1. Жалпы Ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен наградталады.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен Қазақстан Республикасына еңбек сiңiрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың да наградталуы мүмкiн.

      Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы
Дата публикации
28 марта 2022