ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңына сәйкес лицензия — жеке немесе заңды тұлғаға қауiптiлiктiң жоғары деңгейiне байланысты лицензияланатын қызмет түрiн не лицензияланатын қызметтiң кiшi түрiн жүзеге асыруға лицензиар беретiн бiрiншi санаттағы рұқсат;
-өнеркәсiп;
-атом энергиясын пайдалану
-улы заттар айналымы;
-көлiк;
-есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы;
-ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
-жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдар;
-қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш заттар және олар қолданыла отырып жасалған бұйымдар айналымы;
-ғарыш кеңiстiгiн пайдалану;
-ақпараттандыру және байланыс;
-бiлiм беру;
-бұқаралық ақпарат құралдары;
-ауыл шаруашылықтары;
-денсаулық сақтау;
-жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
-ойын бизнесi;
-ветеринария;
-сот-сараптама;
-мәдениет;
-қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
-сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
-Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн дайындау;
-этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiн, темекi өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы;
-экспорт пен импорт тауарлары;
-тауар биржалары;
-мұнай және газ салаларындағы жекелеген қызмет түрлерi немесе әрекеттер (операциялар) жатады.