Негiзi: Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ЗРК «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңы http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1400000202#z113
25-бап. Рұқсаттарды алуға арналған өтiнiштердi қараудың жалпы тәртiбi
Өтiнiш берушi құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, рұқсат беру органы көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан уәждi түрде бас тартады.
Мемлекеттiк органдар рұқсат беру органының сауалы негiзiнде он жұмыс күнi iшiнде тиiстi рұқсат беру органына өтiнiш берушiнiң лицензиялау кезiнде немесе рұқсат беру рәсiмдерiн жүзеге асыру кезiнде қойылатын талаптарға сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы жауапты жiбередi.
Екiншi санаттағы рұқсаттар үшiн нормативтiк құқықтық актiлерде осы баптың 1-тармағында, осы тармақтың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайлар үшiн өзгеше мерзiмдер белгiленуi мүмкiн.
Осы тармақтың ережелерi осы Заңға 1 және 2-қосымшаларда тиiсiнше ескерту бар рұқсаттарға қолданылмайды.
Өтiнiш рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк ақпараттық жүйесi арқылы электрондық нысанда берiлген жағдайда рұқсат беру органының уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, тиiстi өтiнiштiң қабылданғандығын растау туралы құжат берiледi.
Рұқсат құжаттарын бергенi үшiн алым мөлшерлемелерi қызмет түрiне байланысты дифференцияланады (Салық кодексiнiң 554-бабы Рұқсат құжаттарын бергенi үшiн алым мөлшерлемелерi)
*Рұқсат беру органдары — лицензиарлар және екiншi санаттағы рұқсаттарды беруге уәкiлеттi органдар;
лицензиар — осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;