Азаматтық бюджет
2022 -2024 жылдарға арналған Сараба ауылдық округі
1 Бөлім «Жоспарлау сатысында (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау)»
Бюджет кодексінде айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті болып табылады.
Бюджет процесі- Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген, мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттерді әзірлеу қағидаларына (2017 жылғы 21 тамыздағы №507 өзгерістерді ескере отырып) сәйкес қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-1-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісілгеннен кейін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі.