Жібек жолы ауылдық округі азаматтық бюджеті
2022-2024 жылдар
Параграф 1. Бюджет процесінің қысқаша сипаттамасы
1.1. Заңнамалық база
2022-2024 жылдарға арналған ауылдық бюджетін қалыптастырып, жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында айқындалған тәсілдерге негізделді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген.
Ауыл бюджеті шығындардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасын ескере отырып, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес құрылады.
Бюджет кодексінде қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
2) бюджет жүйесi – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
3) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;