Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 наурыздағы №5/214 «Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Бұлақсай ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру, Аршалы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі – Бұлақсай ауылдық округінің шекарасындағы Бұлақсай сайлау округі.

 

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Аршалы кенті, Ж.Тәшенов көшесі 47, 300Б каб.

тел. 8(71644) 2-18-80

комиссия төрайымы – Акубасова Сауле Барлыбаевна;

төрайымның орынбасары – Андрух Елена Анатольевна;

комиссия хатшысы – Сабиржанов Муктар Балгужаулы;

комиссия мүшелері: Асанова Людмила Сабировна, Оңдаш Гүлнұр Қарасайқызы, Пустовойтенко Галина Юрьевна, Руденко Марина Альгердовна.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
Дата публикации
25 марта 2022