Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын 2022 жылдың 24 сәуіріне тағайындау туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына, «Аршалы ауданының Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 наурыздағы №5/215 қаулысына сәйкес 2022 жылдың 24 сәуіріне Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз.

 

Бұдан басқа, Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған (Аршалы ауданы әкімдігінің сайтында)

 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Аршалы ауданы Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауын 2022 жылдың 24 сәуіріне тағайындау туралы хабарлама
Дата публикации
25 марта 2022