“Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ 2022-2024 жылдар Азаматтық бюджеті

“Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ

2022-2024 жылдар

Азаматтық бюджеті

(нақтыланған)

 

Параграф 1. Бюджет процесінің қысқаша сипаттамасы

1.1. Заңнамалық база

 

2022-2024 жылдарға арналған ауылдық бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында айқындалған тәсілдерге негізделген.

Аудандық бюджет шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы ескеріле отырып, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.

Бюджет кодексінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) бюджет- мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

2) бюджет жүйесі- ҚР бюджеттері мен Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;

3) бюджет қаражаты-мемлекеттік меншікке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақшасы мен өзге де активтері;

“Михайлов ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ 2022-2024 жылдар Азаматтық бюджеті
Дата публикации
25 марта 2022