Түрген ауылдық округінің 2022-2024 жылдардағы азаматтық бюджеті

Түрген ауылдық округінің 2022-2024 жылдардағы азаматтық бюджеті (нақтыланған)

 

Параграф 1. Бюджет процесінің қысқаша сипаттамасы

1.1.        Заңнамалық база

 

           2022-2024 жылдарға арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығымен бекітілген жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында айқындалған тәсілдерге негізделген.

          Жергілікті бюджет шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы ескеріле отырып, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды.   

Бюджет кодексінде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;

2) Бюджет жүйесі – ҚР бюджеттері мен Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;

3) бюджет қаражаты – мемлекеттік меншікке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттің ақшасы мен өзге де активтері;

Түрген ауылдық округінің 2022-2024 жылдардағы азаматтық бюджеті
Дата публикации
25 марта 2022