1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Аршалы кентінің жергілікті атқарушы органдарының 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепте жергілікті атқарушы органмен, «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген .
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
-Мемлекеттік қызмет саны: «Аршалы кенті әкімінің аппараты» ММ, мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді.
2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 236 құрады, оның ішінде: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 22; елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру (бірінші кезең – 13, екінші кезең - 10) – 23; Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (бірінші кезең - 38, екінші кезең – 74) – 112; жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату-3; жер учаскесін алу үшін кезекке қою-76.
«Аршалы кенті әкімінің аппараты»ММ-де «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 41 қызмет көрсетілді.
3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
2021 жылы неғұрлым сұранысқа ие қызметтер – «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»; «Жер учаскесін алуға кезекке қою» болды.