1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Волгодонов ауылдық әкімі аппаратының есебіне «Волгодонов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: мемлекеттік қызмет - қызмет алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бір;
- мемлекеттік қызмет саны: ауылдық округ әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі.
- Қазақстан Республикасының 15 сәуір 2013 жылғы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 24 бабының негізінде мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 28 құрады: электрондық түрде-16 (ЭҮП ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы - 12 қызмет.
Волгодонов ауылдық округі әкімінің аппаратында «E-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 201 электрондық қызмет көрсетілді.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.