«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

Түрген ауылы                                                                                                        

03.02.2022 ж.           

 

«Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Байланыс ақпараты: Аршалы ауданы, Түрген ауылы, Жастар көшесі 19, телефон: 8-716-44-2-52-34. Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі.

  • көрсетілетін қызметті алушының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
  • мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
  • мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
  • мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Мемлекеттік мекеме келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

1.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

2.Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.

3.Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

Есеп
Дата публикации
09 марта 2022