Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Канафин Канат Бегайдаровичтің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметінің 2021 жылға есебі

  1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің 2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебінде. Есепке ауылдық округтің көрсеткен мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер енгізілген.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

- мемлекеттік қызметтердің саны: ауылдық округ әкімдіктерімен мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі.

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны -1.

- ЭҮП электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны- 5, оның ішінде қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қызметтердің саны -2.

2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 649 құрады: - Мемлекеттік корпорация арқылы - 6; - электрондық түрде - 572 (ЭҮП Ақпараттық жүйелер); - көрсетілетін қызметті беруші арқылы-71 қызмет.

2) Ауылдық округ әкімі аппаратынан "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету 1 бұрышы орнатылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 1877 электрондық қызмет көрсетілді. Және де 1 баннер eGov mobile орнатылған.

Есеп
Дата публикации
01 марта 2022