1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қызметі туралы есепте.
2.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
«Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тоғыз Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
«Олимпиада, Параолимпиада және Сурдолимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оларды пайдалану» қызметі тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық немесе қағаз түрінде;
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай – ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық немесе қағаз түрінде;
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру», қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық немесе қағаз түрінде;
«Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны-электрондық немесе қағаз түрінде;
«Ауданаралық (қалааралық облысішілік) ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық немесе қағаз түрінде;
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту», қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық немесе қағаз түрінде;
«Облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу», қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде;
«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» қызметі тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызмет көрсету нысаны-электрондық немесе қағаз түрінде;
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.