Электрондық үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызмет алу

Ақмола облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" мына мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiгi бар екендiгiн еске түсiредi:

- мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау

- мүгедектiк бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы

- асыраушысынан айырылу себебi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы

- жерлеуге арналған бiр жолғы төлем

- мүгедек баланы күтушi анасына немесе әкесiне, асырап алушыға, қорғаншысына (қамқоршысына) арналған жәрдемақы

- бала туу бойынша және баланың бiр жасқа толуына дейiнгi баланы күту бойынша жәрдемақы

- бала кезiнен бiрiншi топ мүгедек баланы күту бойынша жәрдемақы

- "Алтын алқа", "Күмiсалқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға арналған мемлекеттiк жәрдемақы

- арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар, әлеуметтiк тәуекелдер — жұмыстан айырылу, баланың бiр жасқа толуына дейiнгi күтуiне байланысты жұмыстан шығу жағдайларына қатысты әлеуметтiк төлемдер

eGov порталы арқылы, Telegram-bot — @EgovKzBot2.0 арқылы, eGovMobile қосымшасы арқылы (AppStore/GooglePlay). Берiлген функция желiнi қолданушылардың барлығына, әлеуметтiк төлемдердi беруге құқығы бар және жеке электрондық цифрлiк қолы бар адамдарға қол жетiмдi (ЭЦҚ).

Электрондық порталға тәулiк бойы хабарласуға болады. Электрондық үкiмет порталы арқылы 2021 жылда Ақмола облысы бойынша әлеуметтiк сала бойынша 6310 мемлекеттiк қызмет көрсетiлген, бұл жалпы мемлекеттiк қызмет көрсету санынан 10.2 % құрайды.

Электрондық портал арқылы мемлекеттiк қызмет алудың артықшылығы кезектiң болмауы және мемлекеттiк қызметтi үйден шықпай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта рәсiмдеу мүмкiндiгi болып табылады.

Дата публикации
22 февраля 2022