2017 жылы жетiлдiру және процесстi жеңiлдету мақсатында проактивтi мемлекеттiк қызмет көрсету iске асырылған.
Проактивтi тәсiл арқылы қазiргi уақытта келесi қызметтердi алуға болады:
- мүгедектiк бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы
- асыраушысынан айырылу себебi бойынша, бала туу бойынша және баланың бiр жасқа толуына дейiнгi баланы күту бойынша жәрдемақы
- "Алтын алқа", "Күмiсалқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға арналған мемлекеттiк жәрдемақы
- көп балалы аналарға арналған мемлекеттiк жәрдемақы
- жұмысынан айырылу, жұмыс атқару мүмкiндiгiнен айырылу, асыраушысынан айырылу және баланы күтуге байланысты «МӘСҚ» АҚ-нан әлеуметтiк төлемдердi тағайындау
Проактивтi қызмет алу үшiн маңызды шарт Азаматтардың мобильдiк базасында тiркелуi болып табылады. Ол үшiн азаматтарға ХҚКО бөлiмшесiне бару керек немесе электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет.
Ары қарай қызмет алушының өтiншiнсiз, 1414 қысқа нөмiрiне келетiн SMS-хабарламаларына жауап алу арқылы қызмет iске асырылады. Қатысты жәрдемақыны және әлеуметтiк төлемдердi тағайындағаннан кейiн қызмет алушыға тағайындалған жәрдемақы сомасы және әлеуметтiк төлем туралы хабарламасы қызмет алушының абоненттiк нөмiрiне қысқа мәтiндi хабарлама ретiнде келедi.
Осылай, Азаматтардың мобильдiк базасында тiркелуi жоғарыда көрсетiлген қызметтердi кезексiз алуға мүмкiндiк бередi.
2021 жыл бойынша Ақмола облысында проактивтi формада жәрдемақыны рәсiмдеудi 9985 адам қолданды, бұл жалпы мемлекеттiк қызмет көрсету санынан 16,1 % құрайды.
Барлық сұрақтар бойынша әлеуметтiк-еңбек саласындағы Байланыс орталығымен — 1411 «Азаматтарға арналған үкiмет» хабарласыңыз (қоңырау тегiн).
