Жыл сайын ақпанның бiрiншi бейсенбiсiнде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өтетiн сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсiби мерекесi ретiнде құрылған және Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзiлiк сайлау күнi атап өтiледi. Биыл мереке 3 ақпанда атап өтiледi.
Дүниежүзiлiк сайлау күнiн құру арқылы сайлауды ұйымдастыру және өткiзу саласындағы мамандар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерiн жетiлдiру мәселесiне адамдардың назарын аударуды мақсат еттi.
Бұл күндi өткiзудiң негiзгi мақсаттары қоғам санасында демократияландыру процесiнiң қайтымсыздығын орнықтыру, сайлау процесiндегi жетiстiктер туралы жұртшылықты хабардар ету, жас сайлаушыларда демократиялық құндылықтарға бейiлдiлiктi қалыптастыру болып табылады.
Аршалы ауданының сайлау процесiнiң барлық қатысушыларын Дүниежүзiлiк сайлау күнiмен құттықтаймыз!
Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
