Бұл мезетте тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатына аударылған сомалар азаюда
2021 жылдың 25 қарашасындағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшiн пайдалануға берген 516 743 өтiнiшi орындалды. Уәкiлеттi оператор — банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 2 трлн теңгеден астам қаражат аударды. Бiржолғы зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы — шамамен 3,9 млн теңге. Естерiңiзге сала кетейiк, 2021 жылдың 25 қаңтары мен ақпаны аралығында тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында аударылған зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 5,3 млн теңгенi құраған болатын.
Орындалған өтiнiштердiң ең көбi Алматы қаласының (17,02%), Маңғыстау облысының (13,32%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,05%) тұрғындары тарапынан жолданған.
www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» бөлiмiнде салымшылардың бiржолғы зейнетақы төлемдерiн қандай мақсаттарға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлi ақпарат жарияланған. Мұндай ақпарат өңiрлер бөлiнiсiнде де берiлген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған бiржолғы зейнетақы төлемдерi» және тиiсiнше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған бiржолғы зейнетақы төлемдерi» шағын бөлiмдерi).
Қазiргi уақытта зейнетақы жинақтарының бiр бөлiгiн пайдалануға өтiнiштердi қабылдайтын уәкiлеттi операторлар «Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ, «Қазақстан Халық банкi» АҚ, «Altyn Bank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ болып табылады. Орындалған өтiнiштердiң едәуiр (орындалған өтiнiштердiң жалпы санының 94,9%) бөлiгi «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ, одан әрi «Қазақстан Халық банкi» АҚ (3,9%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (1,2%), «Altyn Bank» АҚ (0,04%) және «Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ (0,03%) арқылы берiлдi.
Естерiңiзге саламыз, бiржолғы зейнетақы төлемi уәкiлеттi операторда («Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ) ашылған арнайы шотқа түскеннен кейiн алушы уәкiлеттi операторға бiржолғы зейнетақы төлемдерiнiң нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келiп түскен күннен бастап 45 жұмыс күнi iшiнде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшiн бiржолғы зейнетақы төлемдерiн пайдалану қағидаларының 13-тармағына сәйкес), ал басқа уәкiлеттi операторлар бойынша — 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде ұсынады. Уәкiлеттi операторға растаушы құжаттар белгiленген мерзiмде берiлмеген жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Алушы, сонымен қатар көрсетiлген мерзiмдi күтпей-ақ, аударылған соманы уәкiлеттi операторға тиiстi өтiнiш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны уәкiлеттi оператор қайтаруға өтiнiш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде орындауға мiндеттi.
Айта кетейiк, уәкiлеттi операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтiнiш берушiнiң өтiнiшi және өзге де себептер бойынша 284,9 млрд теңгеден аса сома қайтарылды, себебi, қазақстандықтар бiржолғы зейнетақы төлемдерiн белгiленген мерзiмде пайдаланбаған. Сондай-ақ, БЖЗҚ емделуге берiлген 64,5 млрд теңгеден астам сомаға 71 533 өтiнiштi орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,9 млн теңгенi құрайды. Өңiрлер бөлiнiсiнде зейнетақы жинақтарын алу бойынша көрсеткiштер мынадай: бәрiнен де Атырау облысы (14,94%), Алматы қаласы (12,93%), Маңғыстау облысы (12,24%), Нұр-Сұлтан қаласының (10,62%) тұрғындары жiберген өтiнiштер ең көп орындалған.
Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкiлеттi оператордан емделуге деп аударылған («Отбасы банкi» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ) 8,9 млрд теңге қайтарылды, себебi бұл қаражат өтiнiш берушiнiң өтiнiшi және өзге де себептермен белгiленген мерзiмде пайдаланылмаған. Зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану жөнiндегi өзектi статистикамен www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» — «Емделуге берiлетiн бiржолғы зейнетақы төлемдерi» бөлiмiнен танысуға болады.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасындағы жағдай бойынша инвестициялық портфельдi басқарушыларға (ИПБ) 5,9 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 3 230 өтiнiштi орындады. Аударымның орташа сомасы — 1,8 млн теңге. Өз жинақтарын басқарушы компанияны таңдау арқылы инвестициялауда алматылықтар басым белсендiлiкке ие (олардан орындалған өтiнiштердiң шамамен 37,3% келiп түстi). Зейнетақы жинақтарын сенiмгерлiк басқаруға беру бойынша егжейтегжейлi статистика да enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер» — «Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға сенiмгерлiк басқаруға беру» бөлiмiнде жарияланып отырады.
Қазiргi уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқару туралы төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Сiз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» — «Инвестициялық портфельдi басқарушылар тiзiлiмi» бөлiмiнен көре аласыз. Айта кетейiк, 5,9 млрд теңгенiң 45,7% немесе 2,6 млрд теңгесi «Jusan Invest» АҚ, 24,1% немесе 1,6 млрд теңгесi «Halyk Global Markets» АҚ, 19,1% немесе шамамен 1 млрд теңгесi «BCC Invest» АҚ, 11,1% немесе шамамен 0,6 млрд теңгесi «Сентрас Секьюритиз» АҚ аударылды.
БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерiн алғаннан кейiн ИПБ оларды Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру қағидаларында көрсетiлген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етiлген қаржы құралдарына инвестициялайды.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшiн комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шектi шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% аспауы тиiс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекiтедi және ол жылына бiр рет қана өзгеруi мүмкiн.
Салымшы зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн Ұлттық Банктiң басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейi ескерiлiп отыратын сақталу кепiлдiгi қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттiк кепiлдiк басқарушы компанияның зейнетақы активтерiнiң ең төменгi кiрiстiлiк деңгейiн қамтамасыз ететiн кепiлдiгiмен алмастырылады. Кiрiстiлiктiң ең төменгi деңгейi нарықта әрекет ететiн ИПБ-ның басқаруына берiлген зейнетақы активтерiнiң орташа алынған кiрiстiлiгiн негiзге ала отырып есептелiнедi.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).