Қазақстандықтардың зейнетақы активтерi қайда салынады?

2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ҚҰБ және ИПБ басқаруындағы

зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфельдерi

Зейнетақы активтерiн Қазақстанның Ұлтттық Банкi (ҚРҰБ) мен Инвестициялық портфельдi басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ инвестициялық қызметке 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткiштер — Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде орналастырылған.

Айта кетейiк, 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерiнiң жалпы көлемi 13,2 трлн теңгенi құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi 13 231,90 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерi шамамен 5,7 млрд теңгеге жеттi.

Инвестициялық қызмет нәтижесiнде еептелген инвестициялық табыстың жалпы көлемi 01.01.2021ж. мен 30.10.2021ж. аралығындағы кезеңде 1,2 трлн теңге болды, оның iшiнде:

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi

2021 жылдың 1 қарашасына ҚР Ұлттық қорын басқару жөнiндегi Кеңес мақұлдаған 2021 жылға арналған бағыттар шеңберiнде ҚҰБ (сенiмгерлiк басқарушы ретiнде) инвестициялауының негiзгi бағыттары былайша берiлген:

 — ҚР Қаржы министрлiгi шығарған, ағымдағы құны 4 943,24 млрд теңгенi (бүкiл портфельдiң 37,36%) құрайтын ҚР Мемлекеттiк бағалы қағаздары. Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлiгiнiң МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылына 9,3%, ал АҚШ долларында — жылына 3,4% құрады.

 — ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 724,49 млрд теңге (портфельдегi үлесi — 13,03%). ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

 — шетелдiк мемлекеттердiң мемлекеттiк бағалы қағаздары 1 577,93 млрд теңге болды. Олардың портфельдегi үлесi — 11,93%. БЖЗҚ-ның ЗА портфелiндегi есептi күндегi шетелдiк мемлекеттердiң МБҚ өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылына 0,6%.

 — 1 039,68 млрд теңгеге (7,86%) ҚР екiншi деңгейдегi банктерiнiң облигациялары. ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк есептi күнге жылына 10,0%.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлiнiсiнде қаржы құралдарының инвестициялық портфелi былайша берiлген:

 — ұлттық валютадағы инвестициялар — 67,88%, АҚШ долларында — 32,05%, Ресей рублiнде және басқа валютада — зейнетақы активтерi портфелiнiң 0,06%.

ҚРҰБ алған, жыл басынан берi есептелген инвестициялық табыстың құрылымы мынадай сипатқа ие:

 — бағалы қағаздар, оның iшiнде орналастырылған салымдар және «керi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түрiндегi кiрiстер 730,36 млрд теңге;

 — бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кiрiстер 191,26 млрд теңге;

 — шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кiрiстер 39,53 млрд теңге;

 — сыртқы басқарудағы активтер бойынша кiрiстер 111,44 млрд теңге;

- өзге де кiрiстер 175,25 млрд теңге.

Инвестициялық қызмет нәтижесiнде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi 2021 жылдың басынан бастап 1 247,84 млрд теңге. 2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлiнген БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi инфляция 7,00% болған кезде 9,93% жеттi. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша нақты табыстылық 2,93% көрсеттi.

Бұл ретте 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшiн соңғы 12 айдағы (2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қазанына дейiн) зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi 8,90% мөлшерiндегi инфляция кезiнде 10,90% құрады. Осылайша БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша соңғы 12 айдағы нақты табыстылық 2,00% көрсеттi.

Эмитенттер көрсетiлген қаржы құралдарының инвестициялық портфелiнiң егжей-тегжейлi құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

Инвестициялық портфельдi басқарушылар

Қазақстандық басқарушы компанияларға берiлген қаражаттың жалпы көлемi шамамен 5,7 млрд теңге.

"Jýsan Invest" АҚ сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерi 2,55 млрд теңгенi құрады. Оларға ҚРҰБ ноттары (портфельдiң 36,24%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары (22,90%), ҚР Қаржы министрлiгiнiң МБҚ (17,73%) сатып алынды, инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтер — 23,13%. Портфельдiң 53,99% теңгемен, 46,01% АҚШ долларында.

Инвестициялық қызмет нәтижесiнде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан 2021 жылдың 15 наурызынан бастап 1 қарашасына дейiн есептелген инвестициялық табыс мөлшерi 95,70 млн теңге болды. Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы — 6,47%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттерi көрсетiлген инвестициялық портфелiнiң толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерi 1 қарашада 1,56 млрд теңгенi құрады. Портфельдiң құрылымында ҚРҰБ ноттары (портфельдiң 20,59%), ETF пайлары (17,78%), ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының облигациялары (16,10%), ЕДБ облигациялары (10,00%), шетелдiк эмитенттердiң акциялары мен депозитарлық қолхаттары (9,85%), керi РЕПО операциялары (9,33%), ҚР ұйымдарының корпоративтiк облигациялары (7,94%), ХҚҰ (7,80%) және шоттардағы ақша қаражаты (0,60%) бар. Портфельдегi ұлттық валютадағы инвестициялар 71,82%, АҚШ долларында 28,18%.

Инвестициялық қызмет нәтижесiнде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан 15.03.2021 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейiн есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi 74,38 млн. теңге болды. Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 6,11% жеттi.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттерi көрсетiлген инвестициялық портфелiнiң нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

«BCC Invest» АҚ-ның сенiмгерлiк басқаруындағы зейнетақы активтерi 1 қарашасындағы жағдай бойынша 1,0 млрд теңгенi құрады. Олар пайларға (ETF индекстерге) (29,94%), ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының облигацияларына (19,53%), ҚР ЕДБ облигацияларына (11,47%), керi РЕПО операцияларына (10,97%), ХҚҰ облигацияларына (9,68%), шетелдiк эмитенттердiң акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (8,78%), ҚР резидент-эмитенттерiнiң корпоративтiк облигацияларына (8,22%), инвестициялық шоттардағы ақша қаражатына (2,52%) бөлiнген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдiң 60,00%, АҚШ долларында 40,00% инвестицияланған.

Инвестициялық қызмет нәтижесiнде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан 15.03.2021 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейiн есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi 47,80 млн. теңгенi құрады. Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы — 5,88%.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттерi көрсетiлген инвестициялық портфелiнiң толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

2021 жылғы 1 қарашасындағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi 572,98 млн теңгенi құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға (86,68%), ҚР эмитенттерiнiң акциялары мен депозитарлық қолхаттарына (13,31%), инвестициялық шоттардағы ақша құралдарына (0,01%) инвестицияланды. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргiзiлдi.

Инвестициялық қызмет нәтижесiнде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан 01.04.2021 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейiн есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi 40,69 млн. теңгенi құрады. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi нәтижесiнде зейнетақы активтерiнiң кiрiстiлiгi 8,45% болды.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттерi көрсетiлген инвестициялық портфелiнiң толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

Бұдан бөлек, БЖЗҚ сайтының «Көрсеткiштер» қосымша бетiнде «Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiне қысқаша шолу» бөлiмi бар. Онда инвестициялық портфельдiң құрылымы бойынша жалпы ақпарат берiлген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
21 декабря 2021