БЖЗҚ Ашық есiк күнiн өткiздi
БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болу үшiн және уақыттарын үнемдеуi үшiн көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын үнемi жақсартып отырады, осыған байланысты 2021 жылдың 10 желтоқсанында кезектi рет «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшiн» тақырыбында онлайн-форматта Ашық есiк күнiн өткiздi.
Iс-шара үлкен қызығушылық тудырды, өйткенi қазiр көптеген адамдар қызметтердi қол жетiмдi және қарапайым тәсiлдермен алғысы келедi. Мысалы, «Бiз қандай да бiр ұйымдарға жүгiнген кезде, өзiмiзбен бiрге ҚР азаматының жеке куәлiгiн алып жүруге мiндеттiмiз, бiрақ көбiнiң өзiне тән ұмытшақтығына байланысты жеке куәлiктi алуды ұмытып кетедi, осыдан кейiн мәлiметтер мен анықтамалар беруден бас тартатын жағдайға тап болып жатамыз. Сол кезде не iстеуiмiз керек?» деген мазмұнда тақырып қозғалды. БЖЗҚ мамандары мен веб-форум спикерлерi ендi жеке куәлiктi көрсетпей-ақ, бiрқатар зейнетақы қызметтерiн алуға болатынын айтты. Ол үшiн смартфоныңызда Egovmobile қосымшасындағы құжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасының болуы жеткiлiктi. Бұл мүмкiндiк өте ыңғайлы, бiрақ мұндай мүмкiндiкке тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана және тiкелей БЖЗҚ кеңсесiне өзi келгенде ғана ие болады.
Бұл ретте қандай қызметтердi алуға болады:
·жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрмелер алу;
·қосымша деректемелерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу;
·зейнетақы жинағының жай-күйi туралы хабарлау тәсiлiн өзгерту (анықтау).
Жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы жоқ салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесiне жүгiнген кезде, ол БЖЗҚ өкiлiне eGovMobile мобильдi қосымшасындағы Жеке кабинетте қалыптастырылатын бiрегей цифрлық кодты хабарлап, БЖЗҚ қызметкерiне осы құжатты электрондық форматта көруге рұқсат бере алады.
Бұл туралы және басқа да тақырыптарда онлайн iс-шара барысында қызықты әңгiмелер айтылды.
Қор мамандары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтерi кешенiн алу мүмкiндiгi жөнiнде, зейнетақы калькуляторының жұмысы, БЖЗҚ-ның басқа да онлайн-қызметтерi жөнiнде әңгiмелеп бердi.
Бұдан бөлек, кездесу барысында БЖЗҚ мамандары салымшыларды қызықтырған көптеген сұрақтар бойынша жеке кеңестер де бердi.
БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционерi болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында)