5 сұрақ

1. Бiрнеше жыл бұрын мен зейнетақы қорында шот ашқан едiм, бiрақ жұмысқа шықпадым. Бұдан кейiн үш жыл бойы ресми түрде еш жерде жұмыс iстемедiм, сондықтан да жарна аударылмады. Ендi ресми түрде жұмысқа шықтым, бiрақ маған «жеке зейнетақы шотыңыз» жоқ дедi. Сонда менiң шотым қайда кеттi, әрi оны қалай қайтадан ашсам болады?

01.03.2021ж. бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттiгi Басқармасының 2021 жылдың 12 ақпанындағы № 27 қаулысымен бекiтiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарының есебiн жүргiзу қағидалары күшiне ендi. Соған сәйкес зейнетақы жинақтары аударылмаған жағдайда 1 (бiр) ай өткен соң ЖЗШ жабылады.

Яғни, бұрын ашылған ЖЗШ, оның iшiнде адам жұмысқа орналасқан кезде, шот ашуға өтiнiш берiп немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, бiрақ қандай да бiр себептермен аударымдар жасалынбаған жағдайларда, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары болған, әрi зейнетақы жинақтарының барлық сомасын төлеу мен аудару жүзеге асырылған ЖЗШ-да төлем, не аударым жүзеге асырылғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде жарналар түспеген жағдайда, бұл шоттардың барлығы автоматты түрде жабылады.

Одан әрi жұмысқа орналасу кезiнде жұмыс берушiден алғашқы жарна түскен кезде ЖЗШ автоматты түрде ашылады. Бұл қағидат:

- 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап мiндеттi зейнетақы жарналарына қатысты;

- 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ерiктi зейнетақы жарналарына қатысты;

- 2021 жылдың 26 қазанынан бастап мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) қатысты.

Жеке зейнетақы шотына жарналар аударылатын тұлғаның жеке басын куәландыру — МКЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген оның дербес деректерi (аты-жөнi, ЖСН, туған күнi) бойынша жүзеге асырылады, ал барлық қажеттi мәлiметтердi: тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелерi, тұрғылықты мекенжайы туралы, өзге де мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың тиiстi ақпараттық жүйелерiнен алады.

2. Биыл тамыз айында мен зейнетке шықтым, бiрақ зейнетақымды былтыр зейнетке шыққан жолдасыма қарағанда басқаша есептеп бердi. Бұл неге байланысты?

Дұрыс айтасыз, 2021 жылдың 1 сәуiрiнен бастап БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдi есептеу әдiстемесi өзгердi.

Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асырудың жаңа Әдiстемесiне сәйкес, зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы бiрiншi жылы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерiнiң 6,5 % мөлшерлемесiне көбейтiндiсi ретiнде есептеледi.

Келесi жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерiн жыл сайын зейнетақы төлемдерiн индекстеу мөлшерлемесiн — 5%-ға ұлғайту жолымен қайта есептелетiн болады.

Мысалы, сiздiң зейнетақы жинақтарыңыздың сомасы 6 000 000 теңгенi құрайды.

Бiрiншi жылдағы зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге;

Бiрiншi жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi: 390 000/12 ай.=32 500 теңге;

Екiншi жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемiнiң мөлшерi: 32 500+ 32 500*5%=34 125 теңге.

Бұдан өзге, зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiнде белгiлi бiр санаттағы адамдарға түзету көбейту коэффициенттерi көзделген. Атап айтсақ, мерзiмсiз уақытқа белгiленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектiгi бар зейнеткерлер, сондай-ақ, жинақтары мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен кемiнде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауiптi өндiрiстерде жұмыс iстеген адамдар. Бұл ретте, жоғарыда көрсетiлген шарттардың бiрнешеуi қамтылған тұлғалар үшiн ең үлкен мәнi бар түзету коэффициентi қолданылады.

Айта кетерлiк жәйт, зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асырудың бұл әдiстемесi 2021 жылдың 1 сәуiрiнен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн ала бастаған адамдарға зейнетақы төлемiнiң жыл сайынғы мөлшерi ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен кем болмайды (2021 жылы 30 х 43 272= 1 298 160 теңге). Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн 2018 жылдың 1 қаңтары мен 2021 жылдың 31 наурызы (қоса алғанда) аралығында ала бастаған адамдарға зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асырудың жаңа әдiстемесiне сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдерi 5% индекстеу мөлшерлемесiне ұлғайтылады. Ол кейiн жыл сайын индекстелiп отырады.

Осылайша, зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асырудың жаңа әдiстемесi алушылардың еңбек жағдайлары мен денсаулығының ерекшелiктерiн ескередi, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан жыл сайынғы төлемдер мөлшерiн ұлғайтуға ықпал ететiн болады.

3.Мен 50 жасқа толдым, ендi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төлемдердi ала бастасам деп едiм. Мұны қалай жүзеге асырамын?

Көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру мақсатында, әрi алушыларға ыңғайлы болып, уақыт үнемдеу үшiн БЖЗҚ 2021 жылдың тамыз айынан бастап БЖЗҚ-да кемiнде бес жыл ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiн және оларға есептелген инвестициялық табысты Қордың корпоративтiк сайтындағы жеке кабинет арқылы тағайындау туралы қашықтан өтiнiш беру мүмкiндiгiн жүзеге асырды.

Естерiңiзге сала кетейiк, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру қызметi БЖЗҚ-да келесi санаттағы зейнетақы жинақтары бар алушыларға ұсынылады:

- мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен: мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiгi бар адамдарға;

ЕЗЖ есебiнен:

-50 жасқа толған адамдарға;

-мүгедектiгi бар адамдарға;

-ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегiнде зейнетақы жинақтары бар, БЖЗҚ-да кемiнде бес жыл болған адамдарға төленедi.

Өтiнiш беру үшiн алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет.

4.Кейбiр зейнетақы қызметтерiн жеке басты куәландыратын құжатсыз алуға болатыны рас па?

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап зейнетақы қызметтерiн жеке куәлiксiз де алуға болады. Ол үшiн смартфондағы еGovMobile қосымшасында төлқұжаттың цифрлық (электрондық) нұсқасы болуы жетiп жатыр.

Мұндай мүмкiндiк тек Қазақстан Республикасының азаматтарына, әрi салымшы БЖЗҚ кеңсесiне тiкелей өзi келгенде ғана берiледi.

Бұл ретте келесi қызметтердi алуға болады:

* жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу;

* қосымша деректемелерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу;

* зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлау тәсiлiн өзгерту (айқындау).

Мысалы, қолында жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы жоқ салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесiне келiп, БЖЗҚ өкiлiне eGovMobile мобильдi қосымшасындағы Жеке кабинетте қалыптастырылатын бiрегей цифрлық кодты хабарлап, БЖЗҚ қызметкерiне осы құжатты электрондық форматта қарауға рұқсат бере алады.

Егер тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз немесе мерзiмi таусылса, онда eGovMobile мобильдiк қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

5.2022 жылдан бастап зейнетақы жинақтарын алу үшiн ең төменгi жеткiлiктiлiктiң жаңа шегi ескерiлетiнiн естiдiм. Бұл рас болса, нелiктен мұндай шешiм қабылданды?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында «зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктiлiк шегi — Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Әдiстемеге сәйкес айқындалған, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен кем емес, ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшiн қажеттi мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төменгi мөлшерi» деп белгiленген.

ТЖШ айқындау әдiстемесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылдың 2 қазанындағы № 1042 қаулысымен (2021 жылдың 6 қаңтарындағы өзгерiстерi және толықтыруларымен) бекiтiлген. Бұл әдiстеме ашық нормативтiк құқықтық акт болып табылады және ғаламторда, соның iшiнде БЖЗҚ сайтында еркiн қолжетiмдi. Әдiстемеде ТЖШ есептеу алгоритмi егжей-тегжейлi сипатталған.

Ең алдымен, ТЖШ есептеу кезiнде Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетiн ЕТЖ, ЕТЗ, ең төменгi мемлекеттiк базалық төлем сияқты әлеуметтiк көрсеткiштер қолданылады. Сондықтан да, жыл сайын аталған көрсеткiштердiң өсуiне байланысты ТЖШ мөлшерi де өзгеретiп отырады.

2021 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына қол қойылды, онда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бiрқатар әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердi ұлғайту көзделген. Ең төменгi жалақы ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейiн өстi. Сондай-ақ, әдiстеменi есептеу кезiнде пайдаланылатын ең төменгi зейнетақы, ең төменгi базалық зейнетақы және басқа да әлеуметтiк көрсткiштер мөлшерi ұлғайтылды.

Осы Әдiстемеге сәйкес, әрбiр жас ерекшелiгi үшiн ТЖШ салымшы зейнетақы жасына жеткенде ең төменгi базалық зейнетақыны (2021 жылы 18 523 теңге, 2022 жылы 19 450 теңге) алып тастағандағы БЖЗҚ-дан ай сайынғы ең төменгi зейнетақы төлемi (2021 жылы 43 272 теңге, 2022 жылы 46 302 теңге) мен ең төменгi жалақы (2021 жылы 42 500 теңге, 2022 жылы 60 000 теңге) арасындағы ең жоғарғы мәндi құрайтындай етiп, есептеп шығарылады.

2022 жылы ай сайынғы ең төменгi жалақы мөлшерi ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен жоғары. Осыған сәйкес, есептеу кезiнде ЕТЖ көрсеткiшi пайдаланылды: 60 000 (АТЖ) — 19 450 (ЕТБЗ) = 40 550 теңге. Яғни, 2022 жылы БЖЗҚ-дан ай сайынғы ең төменгi төлем осындай болуы тиiс. Оны 2021 жылғы көрсеткiшпен салыстырайық, ол 24 748 теңгенi құрайды (43 272 — 18 524 = 24 748 теңге (ЕТЗ пайдаланамыз, себебi, ол 2021 жылы ЕТЖ және ең төменгi базалық зейнетақы көрсеткiшiнен жоғары болған). Көрiп отырғанымыздай, ең төменгi төлем мөлшерi шамамен 64% — ға көбейедi. Шамамен осы санға (64,0%) зейнет жасына жетiп қалған және зейнет жасындағы (58-62 жас) адамдар үшiн жеткiлiктiлiк шегi көтерiледi. Салымшының жасы неғұрлым жас болса, шектi өзгерту пайызы соғұрлым жоғары болады, өйткенi, зейнетақы төлемдерiн алу мерзiмi неғұрлым ұзақ болса, болашақ төлемдер индекстеледi, тиiсiнше шектi өзгерту неғұрлым жоғары пайызды есептеу формуласына сәйкес жүргiзiледi (40 жастағы салымшылар үшiн 69,3%-ға дейiн, одан әрi 20 жастағы салымшылар үшiн барынша 83,6%-ға дейiн).

Естерiңiзге сала кетейiк, Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкiметiне өз жинақтарын пайдалануға үлгермеген азаматтарды қолдау мақсатында зейнетақы жинақтарының төменгi жеткiлiктiлiгiнiң жаңа шегiн енгiзу мерзiмi 2022 жылдың 1 сәуiрiне дейiн кейiнге қалдырылды.

Дата публикации
21 декабря 2021