Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана (01.01.2021-01.11.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 33,5 миллион қызмет көрсеттi. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 44,2% көп.
Қызметтердiң басым бөлiгi электрондық форматта көрсетiледi. Салымшыларға 24,5 миллионнан астам онлайн-қызмет көрсетiлдi, бұл қызметтердiң жалпы көлемiнiң 73,2% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткiштер екi есеге дерлiк (былтыр он айдың iшiнде Қор салымшылары қашықтан 14,5 млн жуық қызмет алды) өстi. БЖЗҚ сайты мен ұялы байланыс телефонындағы қосымшада орналасқан Жеке кабинеттiң көмегiмен салымшылар қызметтердi қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естерiңiзге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге берiлетiн өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және тағы басқалар.
Автоматты форматта (мәлiмдемесiз өтiнiштер) 5,7 миллиондай қызмет көрсетiлдi, ол жалпы көлемнiң 17,4% тең. Мысалы, мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) немесе ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу. Естерiңiзге сала кетейiк, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесiнде бiрiншi жарна келiп түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендiру МЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады, ал қолданыстағы құжаттың деректемелерi мен тұрғылықты жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады.
Жүзбе жүз қызмет көрсету түрi әлi күнге дейiн сұранысқа ие. Салымшылар шамамен 2,0 миллион қызметтi тiкелей Қордың қызмет көрсету кеңселерiнен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету бөлiмшелерiнде салымшыларға 1 963 472 қызмет көрсетiлдi, бұл өткен жылмен салыстырғанда 733,9 мың қызметке (немесе 59,7% ) артық.
«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елдi мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлiмшелерiнде қызмет көрсету жөнiндегi бiрлескен жобасының арқасында 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 347 пошта бөлiмшелерiнде Қор салымшыларына 14 820 қызмет көрсетiлдi. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. «Қазпошта» бөлiмшелерiнде төмендегi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға болады:
· салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң деректемелерi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтiнiш беру);
· хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн) туралы келiсiмге қол қою.
Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлiмдерi де iске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтердi онлайн алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша барып қызмет көрсету аясында 88 115 операция жүзеге асырылды.
БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерiн ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңiл бөледi. 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша керi байланыс арналары арқылы 1,3 миллионнан аса өтiнiш қаралды.
Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) арқылы байланыс орталығында кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестердi www.enpf.kz корпоративтiк сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлi ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).