Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұртшылық арасында жүргiзетiн қарқынды ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарының аясында алтыншы жыл қатарынан қаржы журналистикасы мектебiнiң курсын өткiзiп келедi. Ондағы мақсат — халықтың қаржылық сауаттылығын арттырып, БЖЗҚ қызметi, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер жайлы хабардар етiп отыру.
Қаржылай сауаттылық бойынша дәрiстер игi дәстүрге айналды, коронавирус iндетiне қарамастан ол БАҚ өкiлдерiне онлайн-форматта берiле бастады. Мектептiң негiзгi аудиториясы — журналистер, блогерлер мен журналистика факультеттерiнiң студенттерi, өйткенi, халыққа ақпарат таратуда олар аса маңызды орын алады.
Шара виртуалды кеңiстiкте өттi. Мектепке қатысушылар көптеген пайдалы мәлiметке қанық болып, қойылған сұрақтарына тұщымды жауап алды. Қазақ және орыс тiлдерiнде екi күн бойы жалғасқан шараға барлығы 100 тарта қатысушы бас қосты.
Оларға түрлi тақырыптар бойынша оқыту курстары ұсынылды:
— Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен «БЖЗҚ» АҚ қызметi;
— Жинақтаушы құрамдауыштың қажеттiлiгi мен демографиялық тренд;
— Бiржолғы зейнетақы төлемдерiн (БЗТ) пайдалану және зейнетақы жинақтарын сенiмгерлiк басқаруға (ИПБ) аудару бөлiгiне қатысты зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер;
— Ерiктi зейнетақы жарналарына қатысты өзгерiстер;
— Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдердегi зейнетақымен қамсыздандыру;
— БЖЗҚ цифрлық қызметтерi;
— БЖЗҚ ақпараттық қызметi.
Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық Банкiмен бiрлесiп ҚРҰБ зейнетақы активтерiн басқару бойынша модульдiң таныстырылымы өттi. Естерiңiзге сала кетсек, биыл жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде жаппай өзгерiстер орын алған болатын. Осыған орай БЖЗҚ мамандары курс барысында мектепке қатысушыларға күрделi қаржы көрсеткiштерi мен статистикалық мәлiметтер, заңнамадағы өзгерiстер жайында тарқатып айтып бердi. Өткiзiлген оқыту шарасы айқын да, шынайы журналистiк материалдардың жариялануына, әрi Қордың ақпараттық-түсiндiрме жұмысына септiгiн өз тигiзедi деген үмiттемiз.
Баса назар аударатын жәйт, БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебiнде көрсетiлген барлық материалдарды www.enpf.kz корпоративтiк сайтында «Қоры туралы» бөлiмiнде, әрi қарай «Баспасөз орталығы» — «Арнайы жобалар» қосымшасынан немесе https://www.enpf.kz/kz/about/presscenter/projects/school-2021.php сiлтемесiнен жүктеп алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).