Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының өсуi бiр жыл көлемiнде 613 миллиард теңге болды

БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қарашасындағы негiзгi көрсеткiштерi

2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,2 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.11.2020 жылдан бастап 01.11.2021 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының сомасы 613,5 миллиард теңгеге немесе 5%, ал 2021 жылдың қаңтар айынан берi 3 пайызға өстi.

Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен жинақталды, оның мөлшерi 12,9 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсiм — 5%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 355,7 млрд теңге (өсiм — 16%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,7 млрд теңгеге жеттi.

2021 жылдың тоғыз айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңiне қарағанда көбiрек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қарашасындағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары түстi, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен 203,5 млрд теңгеге немесе 23% артық. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95,7% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсiмдер құрайды, ол 1,02 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсiм — 24%), МКЗЖ бойынша 45,7 млрд теңге (өсiм 17%), 567 млн теңге (өсiм 39%) ЕЗЖ бойынша аударылды.

Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуi 2021 жылдың 1 қаңтарынан 1 қарашасына дейiн 1,2 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етiлдi. Бұл былтырғы көрсеткiштерден 105,6 млрд теңгеге немесе 10 пайызға асып түскен. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк жыл басынан берi 9,93%, ал инфляция 7,0% құрады. Бұл ретте соңғы 12 айдағы кiрiстiлiк — 10,90%, осы кезеңдегi инфляция — 8,9% көрсеттi.

БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 11,7 млн бiрлiкке тең. Шоттардың ең көп саны мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны — 10 910 003 бiрлiк. Одан әрi МКЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар — 536 752 бiрлiк. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан шоттар саны қазiр 56 487 бiрлiк.

Жыл басынан берi БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,2 трлн теңге төлендi, төлемдердiң басым бөлiгiн бiржолғы зейнетақы төлемдерi (БЗТ) құрады, оның көлемi — 2,0 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екiншi орында жасы бойынша төлемдер — 78,7 млрд теңге. Одан әрi сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 50,8 млрд теңге, мұрагерлiк бойынша төлемдер — 47,7 млрд теңге, ҚР шегiнен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер — 33,0 млрд теңге, жерлеуге — 4,5 млрд теңге және мүгедектiк бойынша төлемдер 1,8 млрд теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 472 теңге, ал ай сайынғы төлемнiң ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
08 декабря 2021