enpf.kz — Қордың ресми сайтында сiз төмендегi ақпараттармен таныса аласыз:
✅ Қор туралы жалпы ақпарат;
✅ статистикалық көрсеткiштер және инвестициялық қызметтiң нәтижелерi;
✅ зейнетақы жинақтарын жеке басқару мүмкiндiктерi;
✅ Қазақстанның және басқа елдердiң зейнетақы жүйесi;
✅ Зейнетақы жарналары мен БЖЗҚ-дан төленетiн төлемдер туралы ақпарат;
✅ БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселерiнiң мекенжайлары;
✅ Қормен, оның iшiнде өңiр бойынша кезекшi қызметкерлердiң нөмiрлерiмен байланыс мүмкiндiктерi;
✅ жиi қойылатын сұрақтарға жауаптар және басқалар.
Сайтта сондай-ақ, Қордың 10-нан астам қызметiн онлайн режимiнде алу мүмкiндiгi бар екенiне назарларыңызды аударамыз.
Жеке кабинетте келесi қызметтер қолжетiмдi:
🔸 жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) бар екенi туралы анықтама алу;
🔸 ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме алу;
🔸 зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру;
🔸 зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельдi басқарушыға сенiмгерлiк басқаруға аудару;
🔸 деректемелерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;
🔸 зейнетақы калькуляторы;
🔸 зейнетақы шартының «телнұсқасын» алу;
🔸 төлемдер / аударымдар туралы өтiнiштiң мәртебесiн бақылау;
🔸 «Интернет арқылы» ақпараттандыру тәсiлiн таңдау (өзгерту).
Жеке кабинетке ЭЦҚ немесе ЖСН мен құпиясөздi қолдану арқылы кiруге болады (егер сiзде «Интернет арқылы» хабарлау тәсiлi таңдалған жағдайда).
⁉ Авторландырусыз келесi электрондық қызметтердi пайдалануға болады:
🔹 төлем құжаттарын алдын ала тексеру;
🔹 бетпе-бет қызмет көрсету кезегiн брондау;
🔹 өтiнiш жiберу;
🔹 халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн көшпелi қызмет көрсетуге өтiнiм беру;
🔹 ЖЗШ-нан үзiндi көшiрменi e-mail арқылы алу (егер сiзде ақпараттандыру тәсiлi таңдалған болса «электрондық пошта арқылы»);
🔹 зейнетақы калькуляторын пайдалану;
🔹 керi қоңырауға тапсырыс беру.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).