БЖЗҚ-дағы Ашық есiк күндерiнiң баспасөз анонсы

2021 жылдың 10 желтоқсанында 10:00, 12:00, 15:00, 16:30 сағатта БЖЗҚ онлайн форматта «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшiн» Ашық есiк күнiн өткiзедi. Iс-шараға қатысушылар Қордың жаңа цифрлық қызметтерi, болашақ зейнетақыны болжамды есептеу мүмкiндiктерi туралы бiлiп, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алады. Мысалы, соңғы жаңалықтардың бiрi — Қор кеңселерiне бару кезiнде Қазақстан Республикасы азаматының:

•жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу;

•қосымша деректемелерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу;

•зейнетақы жинағының жай-күйi туралы хабарлау тәсiлiн өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлiгiнiң цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкiндiгi туралы толыққанды айтылатын болады.

Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әрбiр қатысушы сiлтеме бойынша өтуi қажет :

1 сессиясы — уақыт 10:00 2021 ж. 10 желтоқсанында Cisco WebEx қосылымы

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eb5eb8a47e99fabcff36fef7281e0ee06 

2 сессиясы — уақыт 12:00 2021 ж. 10 желтоқсанында Cisco WebEx қосылымы

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e4dcdff62a2afd4a4b02e9a483784978c 

3 сессиясы — уақыт 15:00 2021 ж. 10 желтоқсанында Zoom қосылымы

https://us04web.zoom.us/j/79874111268?pwd=UklvM2N4eGg4OWQ4ME1XaXR3eHZiQT09 

Конференция ID: 798 7411 1268; кiру коды: 123456.

4 сессиясы — уақыт 16:30 2021 ж. 10 желтоқсанында Zoom қосылымы

https://us04web.zoom.us/j/78292928949?pwd=YllTdWRyUGJVOGpWTVl5M1J3bENhdz09 

Конференция ID: 782 9292 8949; кiру коды: 123456.

Бiз сiздi күтемiз!

БЖЗҚ 2013 жылдың 22 тамызында «ГНПФ «ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционерi болып табылады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар дайындау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында)

Дата публикации
08 декабря 2021