Хабарландыру

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есiк күнiне» шақырады!

Тақырыбы: «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшiн».

БЖЗҚ 2021 жылдың 10 желтоқсанында онлайн форматта «Ашық есiк күнiн» өткiзедi.

Iс-шараның мақсаты — Қордың зейнетақы қызметтерiнiң сапасын арттыру және дамыту, тiкелей, электрондық және қашықтан қызмет көрсету форматтарын дамыту арқылы қатысушылардың зейнетақы қызметтерiне тең қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсету арналарын кеңейту.

Кездесу барысында Қор мамандары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтерi кешенiн алу мүмкiндiгi жөнiнде, зейнетақы калькуляторының жұмысы, БЖЗҚ-ның онлайн қызметтерi, сондай-ақ Қор кеңселерiне бару кезiнде Қазақстан Республикасы азаматының:

•жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу;

•қосымша деректемелерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу;

•зейнетақы жинағының жай-күйi туралы хабарлау тәсiлiн өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлiгiнiң цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкiндiгi жөнiнде әңгiмелеп беретiн болады.

Ашық есiк күнi зейнетақы қызметтерi туралы ақпарат алғысы келетiн Қор салымшыларының барлық санаттары үшiн өткiзiледi. БЖЗҚ мамандары iс-шараға қатысушыларға қызметтердi алудың әр түрлi тәсiлдерi туралы, сондай-ақ егер Сiз БЖЗҚ кеңсесiне келiп тұрып, бiрақ үйде жеке куәлiгiңiздi ұмытып кеткен жағдайда, не iстеу керектiгiңiз жөнiнде айтып бередi.

Сондай-ақ кездесу барысында БЖЗҚ мамандары салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де бередi.

Естерiңiзге саламыз, «Ашық есiк күнi» 10 желтоқсанда 10:00, 12:00, 15:00, 16:30 сағатта онлайн форматта өтедi. Iс-шараға қатысу үшiн тiркелу қажет. Әрбiр қатысушы сiлтеме бойынша өтуi қажет :

1 сессиясы — уақыт 10:00 2021 ж. 10 желтоқсанында Cisco WebEx қосылымы

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eb5eb8a47e99fabcff36fef7281e0ee06

2 сессиясы — уақыт 12:00 2021 ж. 10 желтоқсанында Cisco WebEx қосылымы

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e4dcdff62a2afd4a4b02e9a483784978c 

3 сессиясы — уақыт 15:00 2021 ж. 10 желтоқсанында Zoom қосылымы

https://us04web.zoom.us/j/79874111268?pwd=UklvM2N4eGg4OWQ4ME1XaXR3eHZiQT09 

Конференция ID: 798 7411 1268; кiру коды: 123456.

4 сессиясы — уақыт 16:30 2021 ж. 10 желтоқсанында Zoom қосылымы

https://us04web.zoom.us/j/78292928949?pwd=YllTdWRyUGJVOGpWTVl5M1J3bENhdz09 

Конференция ID: 782 9292 8949; кiру коды: 123456. 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есiк күнiнде» өзiнiң салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет бiлдiргендердi күтедi!

Дата публикации
08 декабря 2021