Қор бөлiмшесiне бармай, www.enpf.kz сайтынан 10-нан астам электрондық қызметтердi алуға болады.

Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмiнде Сiз келесi қызметтердi ала аласыз:

• халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн қызмет көрсетуге өтiнiш беру;

• қызмет көрсетуге кезектi брондау;

• жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi e-mail арқылы алу (Қор базасындағы қолданыстағы e-mail мекен-жайы болған жағдайда);

• төлемге құжаттарын алдын ала тексеру;

• Қорға өтiнiш жолдау;

• зейнетақы калькуляторын пайдалану;

• Қорға онлайн қоңырау шалу;

• керi қоңырауға тапсырыс беру.

Жеке кабинетте «Қызметтер» бөлiмiнде Қордың келесi онлайн қызметтерiн алуға болады:

• үзiндi көшiрменi қалыптастыру;

• деректемелерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;

• төлем / аударым өтiнiмiнiң мәртебесiн тексеру;

• зейнетақы шартының «телнұсқасын» алу;

• жеке зейнетақы шоты бар екендiгi туралы анықтама алу;

• зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру (1,2 топтағы мерзiмсiз мүгедектiктiң тағайындалуына байланысты, ЕЗЖ бойынша төлемдердi тағайындау);

• ақпараттандыру тәсiлiн «интернет арқылы» деп өзгерту;

• зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельдi басқарушының сенiмгерлiкпен басқаруына аудару.

Кейбiр қызметтер үшiн ЭЦҚ қажет.

Дата публикации
24 ноября 2021