«БЖЗҚ» АҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫНЫҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ

Құрметтi азаматтар!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрi — Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты квазимемлекеттiк сектордың субъектiлерi жұртшылықтың қатысуымен әзiрлейдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзiрлеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарымен (бұдан әрi — Әдiстемелiк ұсынымдар) айқындалған.

Әдiстемелiк ұсынымдардың 8, 9-тармақтарына сай жұртшылықтың қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын әзiрлеушiнiң интернет-ресурсында орналастыру және оған ұсыныстар мен ескертулердi жинау арқылы қамтамасыз етiледi.

Осыған байланысты, «БЖЗҚ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасын қарауды және ұсыныстар мен ескертулер болған жағдайда 2021 жылғы 12 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн жiберiлген ұсыныстар мен ескертулер қарауға қабылданбайды.

«БЖЗҚ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасы

Құрметпен, «БЖЗҚ» АҚ

Дата публикации
24 ноября 2021