Зейнетақы қызметтерiн жеке куәлiксiз қалай алуға болады?

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушылары үшiн қолайлы жағдайларды көптеп ұсынуда. Қазiр зейнетақы қызметтерiн жеке куәлiксiз де алуға болады. Ол үшiн смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткiлiктi.

Мұндай мүмкiндiк тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және БЖЗҚ кеңсесiне тiкелей өздерi келгенде ғана берiледi.

Бұл ретте қандай қызметтердi алуға болады:

- жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу;

- қосымша деректемелерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу;

- зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлау тәсiлiн өзгерту (айқындау).

Мысалы, өзiмен бiрге жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы жоқ салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесiне келiп, Қор маманына eGovMobile мобильдi қосымшасындағы Жеке кабинетте қалыптастырылатын бiрегей цифрлық кодты хабарлап, БЖЗҚ қызметкерiне осы құжатты электрондық форматта қарауға рұқсат бере алады.

Ескере кететiн жәйт, егер жүгiнген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болса, онда eGovMobile мобильдi қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.

Кейiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне тиiстi өзгерiстер бекiтiлген соң салымшылар (алушылар) зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы/зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару туралы/инвестициялық портфельдi басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы өтiнiштер берген кезде цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкiндiгi пайда болады.

Осылайша БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болу және олардың уақыттарын үнемдеу үшiн көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруда.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
24 ноября 2021