ЗЕЙНЕТАҚЫ АННУИТЕТI ШАРТЫ ДЕГЕНIМIЗ НЕ?

✅ЖАУАП: БЖЗҚ салымшылары сақтандыру компаниясымен келiсiмшарт жасай алады және жинақталған қаражатты (бiр бөлiгiн немесе толықтай) таңдалған компанияға бере алады. Мұндай келiсiм зейнетақы жасына жеткенге дейiн зейнетақы төлемдерiн алуға мүмкiндiк бередi.

Негiзгi шарттар:

- БЖЗҚ-да жеткiлiктi жинақталған соманың болуы (нақты есептеме сақтандыру ұйымында жүргiзiледi);

- 45 жасқа толуы;

- Жиынтығында кемiнде күнтiзбелiк алпыс ай мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) төленген тұлғалардың 40 жасқа толуы.

Мерзiмсiз белгiленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектiгi бар азаматтар зейнетақы жинақтарының жеткiлiктi сомасы болған кезде зейнетақы аннуитетi шартын жасай алады.

Зейнетақы аннуитетi шартын жасамас бұрын, сақтандыру ұйымдарының шарттары мен пайдасын салыстырып, содан кейiн ғана өзiңiз үшiн ең жақсы ұсынысты таңдауға кеңес беремiз.

Дата публикации
24 ноября 2021