Бәрi бақылауыңызда болсын!

Бiздiң зейнетақы жинақтарымыз зейнетке шығып, ақшаны өз игiлiгiмiзге жұмсай бастаған сәтiмiздi күтуде

Зейнетақы жинақтарының жай-күйiне үнемi қызығушылық таныту өте маңызды. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларды (алушыларды) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы хабарландыру бойынша тұрақты жұмыс жүргiзуде.

Бұл үшiн бiрнеше тәсiл бар:

- салымшының (алушы) БЖЗҚ кеңсесiне өзi келген жағдайда;

- пошта байланысы қызметi арқылы;

- электрондық пошта арқылы;

- жеке кабинет арқылы.

Салымшылар мен алушылар арасында ақпарат берудiң ең танымал тәсiлi — салымшының enpf.kz. сайтындағы жеке кабинетi. Оны 2021 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 6,2 млн. астам ЖЗШ иелерi таңдады, бұл ағымдағы жылдың басындағы көрсеткiштен 400 мыңға артық — 5,8 млн.

Өз шоттарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы 794 479 адам алады. Хат шот иесiне таңдалған кестеге сәйкес: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бiр рет немесе жыл сайын электрондық пошта арқылы келедi.

Шамамен 1,2 миллион адам әлi күнге дейiн үзiндi көшiрмесiн дәстүрлi поштамен алуды қалайды. Алайда жылына бiр рет үзiндi көшiрмесi салынған конверт алушылардың саны азайып келедi. Мәселен, 5 жыл бұрын — 2016 жылы — олардың саны 2, 25 миллионнан асып, қазiргi көрсеткiшткен екi есе көп болған едi.

Егер салымшы (немесе алушы) ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi жылына бiр рет дәстүрлi пошта арқылы алуды таңдап, бiрақ тұрғылықты мекенжайын өзгертсе, ол бұл туралы Қорға хабарлауы қажет екенiн естерiңiзге саламыз ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында мұны 10 күнтiзбелiк күн iшiнде жасау қажет деп көрсетiлген. Әйтпесе, пошта операторы зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi адресатқа жеткiзе алмайды, сондықтан хат Қорға оралады. Келесi жолы БЖЗҚ үзiндi көшiрменi салымшыға (алушыға) жiбермейдi, оның хабарландыру мәртебесi «анықталмаған» деп көрсетiледi. Мұндай салымшылар саны қараша айының басында шамамен миллион адам болды.

Шамамен 2,9 млн адам хабарландыру тәсiлi ретiнде «БЖЗҚ-ға өзi келген кезде» тетiгiн таңдады. Өткен жылдың қараша айының басында бұл көрсеткiш 3 миллионнан асқан. Айта кетерлiк жәйт, негiзiнен бұл статистиканы жаңадан ашылған шоттардың иелерi толықтырады. Бүгiнде БЖЗҚ-дағы барлық шоттар алғашқы жарна түскен кезде ашылады. Бұл ретте әдетте «БЖЗҚ-ға жеке өзi келгенде» хабарлау тәсiлi таңдалынады. Сондықтан жеке зейнетақы шотын ашқаннан кейiн тиiстi келiсiмдi тiкелей Қор кеңсесiнде, не БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен жасай отырып, өзiңiзге ыңғайлы әдiстi таңдаған дұрыс. Бұл ретте БЖЗҚ сайтында бiр ғана тәсiлдi: «жеке кабинет арқылы» таңдауға болатынын атап өткен жөн.

ЭЦҚ көмегiмен зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы мәлiметтi келiсiм-шарт жасаспастан-ақ, enpf.kz сайты, мобильдi қосымша немесе электрондық үкiметтiң веб-порталынан алуға болады.

Хабарландырудың қай тәсiлiн таңдасаңыз да, БЖЗҚ зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуына, әрi болашағыңызды жоспарлауға сенiмдi болу үшiн зейнетақы жинақтарын кез келген ыңғайлы тәсiлмен үнемi тексерiп отыру қажеттiгiн ескертедi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
24 ноября 2021